Су тасқыны болып жатқан Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде әйел егіз босанды

Су тасқыны болып жатқан Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде әйел егіз босанды
Фото: Кәмшат Қопаева

Су тасқыны болып жатқан Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылында егіз сәби дүниеге келді. Ана мен балалар тікұшақпен аудан орталығына жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұра ауылында жүкті әйел мерзімінен бұрын егіз сәбиді босанды. Ауыл дәрігерлері әйелді аман-есен босандырып алды.

Нұра ауылы аудан орталығынан 90 шақырым жерде орналасқан. Тасқынға байланысты аудан мен ауыл ортасында жол жабық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан жіберілген бригада ауылға кіре алмаған. 

Салмағы 2800-3050 грамм болатын екі қыз өмірге келді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қазір ана мен балалардың жағдайы жақсы. Бұл 36 жастағы әйелдің 6-шы жүктілігі екен.

Кәмшат Қопаева

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz