Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер биыл аттестациядан өтпейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келесі жылға ауыстырылады", - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен бірге су тасқыны жағдайын тексергенін жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз