Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин судан зардап шеккен астық қоймалары иелеріне көмек қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ведомствоның бұдан хабары бар.
"Су басу қаупі төнген жағдайда өз мүлкіңізді дер кезінде қауіп-қатерден қорғау өте маңызды. Әңгіме тек тұқым туралы емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникалары, жануарлар және қауіпсіз қашықтыққа тасымалдануы тиіс өзге де мүліктер туралы болып отыр. Азық-түлік корпорациясы зардап шеккен шаруаларға бөліп төлеу шартымен тұқым беруге дайын. Тұқымға қажеттілік туындаған жағдайда шаруалар Ауыл шаруашылығы министрлігінің сенім телефондарына хабарласуы қажет", - деді Тілебалдин.
Тілебалдин ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу алгоритмі бекітілгенін айтады. Аталған алгоритмге сәйкес су тасқыны салдарынан малы өлген азаматтар өтемақы алуға құқылы.
Меншік иесі қалай анықталады:
- жануардың бірдейлендіру номерін (бирка, таңба және т.б.) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен салыстыру жолымен;
- тіркелмеген жағдайда куәгерлерді тарта отырып, залалды өтеу жөніндегі комиссияның актісімен.
Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеу бюджет қаражатынан да, бюджеттен тыс көздерден де жүргізілетін болады.
Иелерi жергiлiктi жерлердегi залалды өтеу жөнiндегi комиссияға өтiнiш жасауы тиiс. Комиссия мүшелеріне өтемақы төлеу үшін қажетті құжаттар туралы нұсқау берілді.
Барлық өтінімдерді жергілікті әкімдіктер құрған ресми Комиссияларға ғана беру қажеттігіне назар аударамыз. Тек бұл жағдайда ғана өтемақы төленеді.
Деректер жинаумен айналысатын әртүрлі штабтарға ұсынылған ақпарат төлемдер үшін негіз болып табылмайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!