- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқыны: Алматы...
Су тасқыны: Алматы облысының құтқарушылары Атырау облысына барды
Алматы облысының құтқарушылары Атырау облысына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдегі қалыптасқан су тасқыны жағдайын жоюға көмектесу үшін Атырау қаласына Алматы облысы ТЖД 33 құтқарушы және 13 бірлік техникасы құрамындағы күштер мен құралдар топтамасы келді.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлескен болатын.
Президент облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі.
Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді, сондай-ақ материалдық шығындар өтеледі.
Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен сөйлесу барысында Президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина