Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 61 мыңнан аса адам үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес, республика бойынша 61 372 адам өз үйлеріне оралды. 5 446 адам эвакуациялау пункттерінде.
11 319 тұрғын үй мен 3 602 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 23,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!