Су басқан өңірлерде 51 111 қазақстандық өз үйлеріне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика бойынша 17 млн еріген қар суы сорлып, 10 013 тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 51 111 адам өз үйлеріне оралды. 5 355 адам уақытша орналасу пункттерінде қалып отыр.
ТЖМ хабарлауынша, авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 10 827 адам, 1 247 техника, 332 су сору құралы және 57 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды.
"Екі күн ішінде ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында су басқан 326 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласында ауданы 76 500 шаршы метр су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізді. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное кенті мен Аңқаты ауылында жалпы ауданы 71 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді", - делінген министрлің таратқан мәліметте.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!