- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқыны: 49...
Су тасқыны: 49 мыңға жуық адам өз үйіне оралды
Фото:
gov.kz
Су тасқыны салдарынан зардап шеккендердің 49 мыңға жуығы өз үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, республика бойынша 48998 адам өз үйлеріне оралды.
Республика бойынша 8453 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 14,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина