Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 11.00-дегі ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, республика бойынша 41 005 адам өз үйлеріне оралды. 6405 адам эвакуациялау пункттерінде.
Республика бойынша 7184 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны бастағалы бері 13,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
"Жедел желі" телефондарына 2258 қоңырау түсті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!