Су тасқыны: 32 мыңға жуық қазақстандық үйіне оралды

Су тасқыны: 32 мыңға жуық қазақстандық үйіне оралды
Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп бүгінде 32 мың қазақстандық үйіне оралғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазір республика бойынша 31 938 адам өз үйіне оралды. 5 682 тұрғын үй және 2 584 ауладан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Жедел желіге 2 213 қоңырау түсті. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзенінің жағасын бекіту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Су тасқынына қарсы 32 мыңнан аса адам, 4 мыңға жуық техника, 763 су сору құрылғысы, 293 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды", - деді Асқар Шәріп ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ Қазақстанда республикалық және 20 өңірде облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Есен