Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда су тарифінің бағасын көтеруді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, биыл елімізде коммуналдық тарифтер қымбаттайды. Сондықтан судың тарифін айтарлықтай көтеруге болады.
"Электр энергиясы бойынша орташа өсім - 20-30 пайыз. Бұл субъектінің қуатына байланысты. Сонымен қатар, судың тарифі өте төмен. Былтыр мен БҚО-да болдым. Онда судың бір текше метрі - 44 теңге. Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, сіз моншаға барсаңыз, онда судың текке ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Су - өте маңызды ресурс. (Судың - еск.) тариф өседі. Бүгінде суға 200-500 теңге төлейміз. Сондықтан (су тарифін - еск.) айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемек, үнемдеу болмайды. Биыл тариф бағасы өседі", - деді Әлібек Қуантыров Үкіметтің баспасөз орталығында.
Еске салайық, бұған дейін суды тиімсіз пайдаланатындарға жауапкершілік күшеюі мүмкін екені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!