Әдетте адамдар шаштың зақымдануын түзулейтін немесе бұйралайтын құралдармен байланыстырады, бірақ көбісі су шашты тараудың да зияны бар екенін білмейді.
Су шаш құрғаққа қарағанда осал, әлсіз, сезімтал күйде болады. Су шашты тарау оның шамадан тыс созылуына, тартылуына және ақырында сынуына әкеп соқтыруы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, бәрі шаштың құрылымына байланысты, яғни бір адамның шашына әсер ететін зат, екіншісіне әсер етпеу де ықтимал.
Ал шашы табиғи түзу қыздар дымқыл бұйраны мүлде тарамағаны жөн, бұл шаш үшін өте қауіпті. Ал шашы бұйра немесе текстуралы қыздарға керісінше, табиғи бұйраларды су кезде тарау шаш фолликулаларының зақымдануын, сынғыштығын азайтуға, сондай-ақ оның бұйралығын сақтауға көмектеседі.
Шаштың кез келген түрінде шатасу мен сынудың алдын алу үшін душ қабылдаған кезде сусабын мен кондиционерді қолданған керек. Басты жуу кезінде шаштың арасын саусақтарыңызбен шешіп алу керек.
Шашты төменнен жоғары қарай тараған дұрыс. Процесті жеңілдету үшін шашты бөліктерге бөлуге болады, бұл әдіс әсіресе бұйра шашқа көмектеседі.
Су шашты тарау оған зиян тигізуі мүмкін. Шаш су кезде әлсіз болатындықтан, оны тарау барысында зақымдау оңайырақ.
Егер сіздің шашыңыз табиғи түзу болса, оны тарау үшін кепкенін күтіңіз. Ал бұйра шашты жуар алдында тарап, душ қабылдау кезінде превошинг процедураларына назар аударған жөн (ағылшынша pre-washing — сөзбе — сөз "жуу алдында") - олар шаштың арасын ашу процесін жеңілдетеді.
Шаштың екі түріне де оны ылғалдандыру қажет, яғни сусабыннан кейін кондиционер қолданыңыз, сонымен қатар арнайы спрейлер мен майлар туралы ұмытпаңыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз