- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Су сасық, балықтар...
"Су сасық, балықтар тұншығып жатыр": ақмолалықтар экологиялық апат туралы дабыл қақты
Ақмола облысындағы өзендердің бірінде балықтар тұншығып, "экологиялық апат" болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның WhatsApp-нөміріне оқырман Айдабол өзеніндегі жағдай туралы видеоны жіберген. Видео авторы 28 наурызда су қоймасында балықшылар жоқ екенін, себебі су сасып, балықтар тұншығып жатқанын айтады. Артынша автор ондаған балық тұрған шабақты көрсетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Tengrinews.kz редакциясы Экология министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне ресми түсініктеме алды.
"31 наурыз күні таңертең сағат 9.30 шамасында Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылының ауданындағы Айдабол көлінде балық ресурстарының жойылу қаупі туралы әуесқой балықшылардан ақпарат келіп түсті. Кейінірек сағат 14.00 шамасында балықтың қатып қалуы туралы осыған ұқсас ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.
Жағдайды анықтау үшін су қоймасына 11.00 шамасында инспекция қызметкерлері келді. Балық шаруашылығы субъектілері өкілдері көлді тексеру кезінде су айдынының әртүрлі учаскелерінде суда еріген оттегінің болуына өлшеу жүргізілді, ол оның құрамын шамамен 5 мг/л көрсетті. Тиісінше, Айдабол су айдынының ихтиофаунасы үшін судағы оттегінің мұндай көрсеткіші кезінде қатып қалу қаупі жоқ", - деп түсіндірді комитет өкілдері.
Әрі қарай, бірлесіп тексеру кезінде инспекторлар осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында аэраторлармен бітелуге қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде 20-30 метрлік майна пайда болғанын анықтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина