Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға 2 триллион теңге керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл концепция Үкімет отырысында таныстырылды. Оны іске асыру бойынша премьер-министр Әлихан Смайылов тапсырма берді.
"Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кешенді жоспар әзірлеуіміз керек. Бүгінде әрбір жергілікті атқарушы органдармен бекіткен кешенді жоспар бар. Барлық жұмысты жүргізу үшін шамамен 2 триллион теңге керек. Мұнда тек су қоймалары емес, ирригациялық жүйелер, цифрландыру, су үнемдеу технологияларына іске асыру сияқты жұмыстар бар", - деді Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысынан соң.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!