- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су ресурстары комитетінің...
Су ресурстары комитетінің экс-басшысы Ислам Әбішев ұсталғанға дейінгі қызмет жолы туралы айтты
Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы әрі ұсталғанға дейінгі қызмет жолы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Қасқа жол" Youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.
"Назарбаев - өте ақылды адам. Жұмыс бабымен бірнеше рет кездестім. Менің жұмысымды жақсы меңгерген, біледі. Өйткені Кеңес үкіметі кезінен көп нәрсені көрген, тез қағып алады. Қазір айтылып жатқанның көп мәселе жеке менің басыма қатысты емес. Қызметке келгенде де ешкімге ештеңе берген жоқпын. Қызметтен кеткенде тек хатты жібердім болды. "Қалаған шотыңызға ақша аударып берейік, араласпаңызшы" дегендер болды. Мен оған қараған жоқпын. Бұл жерде 2 түрлі жол бар. Біріншісі - соларға еру, екіншісі - оларға қарсы жүру. Үшінші жол бар, бәрін тастап қашып кету. Мемлекеттік қызметке ақша табайын деп келген жоқпын. Сапарбаевтан ұялғаннан келдім. Ордабасы әкімі болдым кейін. Қолым да, арым да таза", - деді ол.
2019 жылғы 19 наурызда ұсталған еді. Оның айтуынша, Назарбаев алдында қаралағысы келгендер болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек