Су мен антифризді араластыруға бола ма?

Тәжірибелі көлік жүргізушілері үшін антифриздің ағып кетуі қалыпты құбылыс. Бұл әсіресе түтіктері ескірген көліктерде жиі орын алады. Ал жаңадан темір тұлпарды сатып алған адамдарға таңсық дүние.  Егер автомобильдің кеңейту цистернасындағы салқындатқыш деңгейі номиналдан аз болса не істеу керек? Оның азаю себебі қандай? Кәдімгі суды қосып антифризбен араластыруға бола ма?  Massaget.kz тілшісі зерттеп көрді. 

Антифриздің ағып кету себебі неде? 

Антифриз судың булануынан немесе түтіктердің түбінен азайып кетуі мүмкін. Бірінші жағдайда антифризге тазартылған немесе қайнатылған (шамамен 20 мин) су қосылады. Екінші жағдайда ағып кетудің себебін анықтап, салқындатқышты толықтыру керк. Кез-келген антифриз этиленгликольден және судан тұрады. Арақатынасы шамамен 50/50. Бұл өндіріс кезінде жаңа машиналарға құйылатын концентратқа және қажетті мұздату температурасына қатысты.

Кішкене ағып кету кезінде не істеу керек

Егер концентрат немесе кәдімгі антифриз қозғалтқыштың салқындату жүйесіне бұрын құйылған болса және салқындату цистернасындағы деңгей 100-200 мл-ге төмендесе онда тазартылған суды құйыңыз. Бұл жағдайда қоспалардың тепе-теңдігі бұзылмайды және мұздату температурасына әсер етпейді. Өйткені біз артық қысым мен булану салдарынан буланған суды қалпына келтіреміз.

Кәдімгі ағын суды антифризге және оның концентратына құю немесе араластыруға болмайды. Химиялық заттардың қоспалар кешені бар қарапайым суда қалай әрекет ететіні белгісіз. Қазіргі заманғы автомобильдерде салқындату жүйесінің бөлшектері алюминий қорытпаларынан жасалған. Сол себепті темір қоспалары бар қатты су оларды коррозияға ұшыратуы мүмкін. Дистелденген су мен мұқият қайнатылған суды араластыруға болады. Алайда мұндай араластырудан кейін антифризді жақын арада ауыстыру қажет. 

фото: pixabay

Антифриз көп кеткен жағдайда қайтпек керек?  Барлық қосылыстар мен шлангтарда жарықтардың жоқтығына назар аударыңыз. Оларда дымқыл бар жоғы қолыңызбен ұстап біліңіз. Барлық қысқыштарды тартыңыз. Кеңейту цистернасынан антифриз осылай ағып кетуі мүмкін. Бұл әсіресе қозғалтқыш ұзақ уақыт жұмыс істеп қызған кезде "салқындатқыш"микрожарықтар арқылы шыға бастайды. 

Себебін анықтағанан кейін бұрынғы салқындатқыштың түсімен бірдей антифриз құйыңыз. Ал оның қандай екенін білмесеңіз ауа-райының жылы уақытында су құюға болады. Ал қыс түскенде толығымен антифриз құйған абзал. Салқындатқыш сұйықтықтың 3\1 бөлігі ағып кеткен жағдайда антифризді толығымен ауыстырыңыз. 

Көп ағып кету жағдайында, көлемнің үштен бірінен астамын қосу қажет болғанда, антифризді толығымен ауыстырған дұрыс. 

САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАНША СУ РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

Оның  мөлшері шамамен 1\1 болуы керек. Содан кейін машина -25°C-та қиындықсыз іске қосылуы керек. Егер сіз жарты литр қоссаңыз немесе антифриздегі судың мөлшері этиленгликоль деңгейінен асып кетсе, онда қозғалтқышты -15°C-та іске қосу қиынға соғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!