“Су лас емес“: Павлодар облысының әкімі Ертіске түсіп, желідегі сынға жауап берді

“Су лас емес“: Павлодар облысының әкімі Ертіске түсіп, желідегі сынға жауап берді
Фото: Видео кадры

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодардағы орталық жағажайдан тікелей эфир өткізіп, Ертіс өзеніне шомылды. Өңір басшысы желіде тараған "өзен суы лас" деген пікірлерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Байхановтың айтуынша, мұндай әңгіме шындыққа жанаспайды. Әкім судың лай болып көрінуі оның ластанғанынан емес,  Ертістің ағысы қатты болғаннан дейді. Салдарынан өзен түбіндегі құм көтеріліп, су лай секілді көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

Ол Ертіс арқылы жылына шамамен 32 миллиард текше метр су өтетінін, ал бір тәуліктегі су көлемі 80 миллион текше метрге жуықтайтынын айтты. Асайын Байханов мұндай қуатты ағыс судың тұрып қалуына жол бермейтінін атап өтті.

Өзен суының негізгі бөлігі Қазақстан, Ресей және Моңғолия түйіскен тұстағы Алтай тауынан бастау алады.

Тікелей эфир кезінде әкім суды көрермендерге көрсетіп, кейін өзі өзенге сүңгіді.

Айта кетейік, Асайын Байханов Павлодар облысын 2022 жылдан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол банк саласында жұмыс істеген, кейін облыс әкімінің орынбасары және Павлодар қаласының әкімі болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget