- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Су, жылу мәселесі"....
"Су, жылу мәселесі". Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы өзекті мәселелерді атады
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы өзекті мәселелерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Эксклюзив" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Мәселелер аз емес. Ең өзекті мәселе - коммуналдық мекемелердің жұмысы, жылу, су, кәріз мәселесі. Кейінгі екі аптаның ішінде су мәселесі көп көтеріліп жатыр. Қала тұрғындары бұл мәселені көтеріп жатыр. Оған қосымша, әлеуметтік инфрақұрылым мәселесі. Қалада тұратын азамат саны өсіп жатыр. Қалада жылына 30 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Сондықтан балабақша тапшығы да мәселе болып отыр", - деді ол.
Әкім жылу және су мәселесі қалай реттеліп жатқанын айтты.
"Астана бойынша жалпы 3 миллиондай шаршы метр тұрғын үй қосылды. Ол қосымша жылу талап етеді ғой. Бұл мәселе бойынша жұмыс басталып кетті. Биыл екі газ жылу станциясы іске қосылады. Ол екі станция 600 гигакалогрия жылу береді. Бұл жұмысты тамызда аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Келесі үшінші жылу электрстанциясының бірінші этапы - бесқазандық биыл бітеді. Ол 440 гигакалогрия жылу береді. Осы екеуі алдымыздағы 3-4 жылға жеткілікті болады. Екінші мәселе - су. Биыл насос фильтр станциясын аяқтаймыз. Ол 100 мың кубметр су беретін болады. Бірақ қазір 25 мың дефицит бар. Ол дефицитті жауып, 75-80 кубметр су берейін деп жатыр. Биыл, келесі жылы қрылыс аяқталуы керек. Тамызға дейін толығымен су беріледі", - дейді әкім.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуді тапсырған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек