Алматы облысының тұрғыны Гүлжайна Жанжігітова шілдеде жоғалған ұлын әлі күнге дейін таба алмай жүр. Ол бұл мәселемен "Көреміз" бағдарламасына жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйелдің сөзінше, 14 жастағы ұлы төрт айдан бері жоқ. Зар еңіреген ана ұлы Марлен досының туған күніне баратынын айтып, үйден шығып кетіп, сол күйі оралмағанын жеткізді.
"2023 жылы 30 шілде күні (жоғалды - еск.). 21 шілдеде ауылдан келді. Ауылда әжесі бар. "Сіздің қасыңызға барғым келеді" деді. Бірінші жолдасым ауылда. Бірінші жолдасымнан екі ұлым бар. Әжесі деп отырғаным - бірінші жолдасымның анасы. 2015 жылы ажырасып кеттік, ол кезде Марлен 6 жаста болатын. Әкесінде қалды, әкесі емес, әжесі бағып қақты. 2017 жылы келді (маған - еск.). 2015 жылы тұрмысқа шықтым. Одан үш балам бар. Өте керемет (өгей әкесі мен Марленнің арақатынасы - еск.)", - дейді әйел.
Марленнің өгей әкесі де сұхбат берген.
"Жасыратыны бар, анда-санда өтірік айтады. Жаман оймен, қаңғып кететін, ондайы жоқ, үйде отырады. Екі балаға кәдімгідей қарайтын", - деді Марленнің өгей әкесі Нұржан Тасқараев.
Әйел кейін баласы жоғалған күні шарап ішкені туралы ақпарат естіген.
"Туған күні болған баланың үйіне бардық. "Көрдіңдер ме, келді ме" дедік. Сол кезде "кеше дүкенге барған, су жағасында балалар шарап ішті" деді. "Шарабы несі, біздің Марлен ішті ме?" деп едім, "иә, қасында балалар да ішті" деді", - дейді әйел.
Алматы облысы Полиция департаменті өкілі 31 шілдеде Қарасай аудандық Полиция басқармасына баласын іздеген ана арыз жазғанын растады. Бұл дерек аудандық полицияда тіркелген.
Осы іс бойынша арнайы топ құрылған. ПД өкілі тексеріс шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!