"Су емес, какао!" Семей тұрғыны ауызсу мәселесіне шағымданды

Семей тұрғыны күн сайын үйіндегі краннан су емес, "какао" ағатынын айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі abainewskz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Первомайская 24А көшесінде әлі де осындай ыстық су ағып жатыр. Байғұс халық. Адамдар енді тері ауруларына шалдығып, улана бастайды", - деп жазды семейлік.

abainewskz

Жауапты ведомство өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірмеген.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте де тұтас аудан ауызсуға зәру болып отырғаны хабарланды. Құрсайдағы әрбір үйге ауызсу ауыр бейнетпен келеді екен. Көлік мінгендер ауызсуды алыстан тасып ішеді, ақшасы бары сатып ішеді. Әр үйдің ауласында темір ыдыс. Тұрғындар айына екі рет арнайы көлікке тапсырыс беріп, осында құйдырып алады. Бір машина 6,5-7 мың теңге тұрады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!