- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су басу қаупіне...
Су басу қаупіне байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото:
Көрнекі сурет
Су басу қаупіне байланысты Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы "Атырау-Орал" тасжолының үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазавтожолға" сілтеме жасап.
Су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
- "Атырау-Орал" автожолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елді мекендердің учаскесі (жүк көліктері үшін);
- "Атырау-Орал" автожолының 179-189 шақырымы, Индер елді мекені - БҚО шекарасы;
БҚО-да Атырау облысындағы су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысына келесі жолда шектеу қойылды:
- "Атырау-Орал" автожолының 189-492 шақырымы, Орал қаласы - Атырау облысы шекарасы учаскесі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек