Алматы халықаралық әуежайының терминалын су басуына байланысты шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көлік министрлігінің басшылығы Алматы халықаралық әуежайы әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, терминал шатырын су басуына байланысты шұғыл кеңес өткізді.
"Азаматтық авиация комитеті әуежайды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әуежай басшысы техникалық мәселелерге жетекшілік ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады", - деп жазылған хабарламада.
Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады. Қазір анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтіліп, барлық жұмыс жедел істеліп жатыр.
Жұмыстарды аяқтау және су басу себептерін толық жою 6 айға жоспарланып отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова