Су алу арнасынан өлі табылған 21 жастағы спортшының туыстары ол суицид жасады дегенге сенбейді

Ақтаудағы су алу каналының аймағында 21 жастағы қыз өлі табылды. Марқұмның әпкесі ол сіңлісі суицид жасады дегенге сенбейтінін айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 21 жастағы Валерия Шальнованың денесі 2 шілдеде су алу каналынан табылған. 

"2 шілдеде сағат 08:00 шамасында 102-ге Ақтаудағы су алу каналынан адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. 21 жастағы қыздың денесі зорлық белгілерінсіз табылды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша Ақтау қаласы ҚБ ЕҚДБ-да тіркелген. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - дейді Маңғыстау облыстық ПД өкілдері. 

Алайда Валерияның жақындары ол суицид жасады дегенге сенбейді. Олардың сөзінше, өлімге кінәлі адам бар және ол ұсталған. 

"Лераны оның 2 жылдан бері кездесіп жүрген жігіті өлтірді деп санаймыз. Бұған дейін қол көтергені бар. Тергеу барысында ол кінәсін мойындап, артынша айтқан сөздерін жоққа шығарды. Оқиға орнында да, оның қасында да телефоны болмады. Телефон жігітінде болған. Ол (жігіті - еск.) жалған қоштасу хатын жазған. Лера таңғы 05-те қайтыс болғаны анықталған, ал оның нөмірінен хат таңғы 06-да келген", - дейді марқұмның әпкесі Каролина.  

Каролинаның сөзінше, Валерия Ақтауда танымал спортшы, ол қоян қолтық ұрыспен кәсіби түрде айналысқан. 

"Лера судан қатты қорқатын. Біз тергеу әділ өткенін талап етеміз", - дейді Каролина Шальнова. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!