Көп жылдық тәжірибесі бар стюардесса The Sun басылымына берген сұхбатында әрбір саяхатшы үшін ең қажетті заттар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Жеке күтім құралдары, дәрі-дәрмектер және қол жүгіндегі зарядтағыштар сапарға шыққан әрбір адамға қажет екені белгілі. Алайда осы нәрселерден бөлек саяхатшыға ауадай қажет дүниелер бар.
Стюардесса Валери Фрейзер әрқашан өзімен бірге полиэтилен пакеттерді алып жүретінін айтты. Өйткені олар ағып кетуі мүмкін сусабындар мен сұйықтықтарды, сондай-ақ кептіруге уақыт болмаған дымқыл заттарды да жинай алады.
"Ағып жатқан косметика, мұхитта шомылғаннан кейін кеуіп болмаған шомылу костюмі, жаяу серуендеуден кейінгі лас аяқ киім кім-кімнің де мазасын кетіретіні анық. Сондықтан осы нәрселерде полиэтилен пакеттермен қаптау ең дұрыс шешім", - дейді ол
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!