- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Студияға ұры түсті"....
"Студияға ұры түсті". Ұлықпан Жолдасов шығармашылығындағы тосын жағдай туралы айтты
Әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов "Айна line" бағдарламасында өмірінде болған тосын жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі қазір кейбір әріптестерінің ән ноталарын "ұрлап алғаны" туралы айтты.
"2005-2006 жылдары Алматыдағы студиямызға ұрылар түсті. Сол кезде студия ұрлаудың науқаны болды ғой. Бір адам үш бірдей адамның студиясын ұрлап шыққан. Компьютердің ішіндегі барлық мәліметтер кетті. Оның ішінде әндерім бар еді. Кейін соған ұқсас әндер шықтыы. Енді толықтай болмаса да әннің ішінде ноталар бар, ұқсас болды. Бұл енді таныстарда кездескендіктен өздеріне бір ауыз ескерттім. Заңдық тұрғыла қарамадым. Таныс інілер болған соң атап айта алмаймын", - деді ол.
Сондай-ақ, ол кавер нұсқадағы әнді айту үшін рұқсат сұрау керегін атап өтті.
"Қазір кавер деген бәле шықты. Рұқсатын сұрап, айту керек. Қазіргі әншілер сұрамай айта береді. Бұл дұрыс емес",- деді композитор.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы