Әнші Индира Елемес танымал композитор Арман Дүйсеновтің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында бөлісті.
Руслан Өтепбай Арман Дүйсеновтің Индира Елеместің студиясында көз жұмғаны туралы ақпараттың рас-өтірігін сұрайды.
"Жоқ-жоқ, студияда қайтыс болды деген ақпарат айтылған жоқ", - деді ол.
Алайда бұған дейін "Астарлы ақиқатта" мұндай ақпарат тараған еді.
"Естімедім, ондайды естісем, тоқтатыңдар деп айтар едім ғой. Студияда қайтыс болды деген сөз аузымнан шықты ма?" - деді Индира Елемес.
Әнші неге сазгердің өліміне қатысты сұхбат бергені туралы да айтып берді.
"Қалелхан Иманмади "қатты мән бермей-ақ қой, бір аумақ қой" деді. Негізі мен айтқым келмеді, бірақ Қалелхан "ертең қайда қайтыс болды дегенде сен өтірікші болып қаласың, бәрін айт, бірақ нақтылама деген", - деп ағынан жарылды өнер иесі.
Еске салайық, әнші Индира Елемес Арман Дүйсеновтің жұмбақ өліміне қатысты алғаш болып телеарнаға сұхбат берген еді. "Астарлы ақиқаттағы" сюжетте сазгердің студияда қайтыс болды деген ақпарат айтылады.
Алайда біраз уақыт өткеннен кейін композитордың жұбайы бұл ақпаратты жоққа шығарып, Арман Дүйсенов студияда емес, Қалелхан Иманмадидің зауытында көз жұмғанын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz