Студенттерге орын жетпей жатқанда ЖОО жатақханасы бизнеске жалға берілген

Алматыда аудан прокуратурасы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (КазНИТУ) жатақханасын қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түрксіб ауданының прокуратурасы "Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ мүлкі заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады.  

Жатақхана жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тендер ұйымдастырмастан және оны өткізбестен, жалпы ауданы 2500 м2 аса жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға берген.  

"Кейін мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзып, ЖОО осы үй-жайды сатып алған. Жатақхана мақсатына сай пайдаланылмай, бизнестің түрлі салаларына жалға берілген", - деп жазылған хабарламада.

Соттың заңды күшіне енген шешімдерімен Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!