- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бопсалау туралы
Студенттерді бопсалап, тонаған: Оралда күдікке ілінген қыздар ұсталды
Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу деректеріне сәйкес былтыр қазанда күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.
"Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық кодекске сәйкес тонау және бопсалау әрекеттері үшін ауырлығына байланысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова