Қырғыз Республикасының халық әртісі, балетмейстер Ақан Нұртазин балет мектебінің студентін соққыға жыққан. Ол бір жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, оқиға 2023 жылғы 15 мамырда білім мекемесінің ғимаратында болған.
"Оқиға Бішкек хореографиялық училищесінің директорының қабылдау бөлмесінде болды. Ол мен отырған кабинетке кіріп, ұра бастады. Содан миым шайқалып, Первомайск ІІБ-не арыз жаздым. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. Миым шайқалғандықтан емтихандарды тапсыра алмай, оқудан шығарылдым", - дейді студент.
24 жастағы жәбірленушінің айтуынша, Бірінші Май аудандық соты Ақан Нұртазинді кінәлі деп тауып, оны бір жылға бас бостандығынан айырған. Үкім 15 тамызда шықты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!