Өзбекстанда медицина мамандығында оқитын үндістандық 22 жастағы студент курстасымен жанжалдан кейін көз жұмды. Оқиға кезінде күдікті қыздың басынан ноутбукпен ұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daryo.uz-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға 3 шілдеде студенттер арасындағы жанжалдан кейін болған. Зардап шеккен адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.
Көрсетілген көмекке қарамастан, ішкі қан кету салдарынан ол көз жұмған. Үндістанның қос азаматы Бұхара мемлекеттік медицина институтының студенттері болған.
Өзбекстанның құқық қорғау органдары 23 жастағы күдіктіні ұстады. Қаза тапқан қыздың денесі отанына жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова