- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Стресс, депрессияда жүрдім"....
"Стресс, депрессияда жүрдім". Әнші Нұрбақыт Қарағай "Диета.kz" тобынан не үшін кеткенін алғаш рет айтты
Әнші Нұрбақыт Қарағай "Диета.kz" тобынан не үшін кеткенін алғаш рет айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты.
"Аз болған жоқ. 10 жылдай бірге жүрдік. Тойдан тойға, басқа қаланың бәріне бардық. Бір жеке тұлға болатын уақыт келіп қалған шығар. Екеуіміз ренжіскен жоқпыз. Достықпен "давай бөлінейік". Ол "мен жас балаларды өсіруім керек" деп айтты.
Нұрбақыт Қарағай әріптесті Жасұлан Базарбайдың продюсер болуға шамасы жететінін айтады.
"Бірақ "Диета.kz-ті" ары қарай жалғастыру мақсатында тоқтатпай, тағы қасына жігіттер қойып, жастарды қалдырамын, өзім продюсер болып кетемін" деді.
Ақ батасын алып кеттім ғой. Аллаға шүкір, Жәкеңнің арқасында көтерілдім ғой. Бөлінгеннен кейін де маған оңай болған жоқ. Біраз стресс, депрессияда жүрдім", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина