Жандос Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.
Жандос Шаймарданов 1987 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында туған.
2009 жылы "Болашақ" стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін "Экономика және қаржы" мамандығы бойынша оқып бітірген.
2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
2010-2013 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ менеджері,
2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі,
2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры,
2016-2019 жылдары "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департамент директоры, басқарушы директоры,
2019-2020 жылдары QazTech Ventures АҚ Басқарма төрағасы,
2020-2022 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры болды.
2022 жылғы 24 ақпаннан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметін атқарды.
Президенттің жастар кадр резервінің мүшесі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!