Бүгін, 1 наурызда, Софияда (Болгария) бокстан дәстүрлі "Странджа" кубогының финал жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Турнирдің шешуші кезеңінде Қазақстан құрамасынан алты боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады. Барлық айқас күндізгі сессия аясында өтеді. Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары:
Күндізгі сессия (17:00)
2-жұп. 54 кг (әйелдер)
Элина Базарова - Лорен Макки (Англия)
5-жұп. 65 кг (әйелдер)
Лаура Есенгелді - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
8-жұп. 80 кг (әйелдер)
Надежда Рябец - Ярен Дузтас (Түркия)
9-жұп. 80+ кг (әйелдер)
Валерия Аксенова - Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
11-жұп. 50 кг (ерлер)
Даниял Сәбит - Билалхабаши Назаров (Әзербайжан)
15-жұп. 70 кг (ерлер)
Фарух Тоқтасынов - Лавант Броунли (АҚШ)
Айта кетейік, бейресми түрде "кіші әлем чемпионаты" атанып кеткен "Странджа" кубогы - Еуропадағы ең көне халықаралық бокс турнирі. 2026 жылы бұл дода 77-рет ұйымдастырылып отыр.
Ал биылғы жарысқа Қазақстан атынан 39 боксшы аттанған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz