- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Стоматолог ауыз қуысына...
Стоматолог ауыз қуысына қалай дұрыс күтім жасау керегін айтты
Күніне екі рет тіс жуу ауыз қуысы саулығы үшін жеткіліксіз. Стоматолог Ян Стремский "Styler"-ге ауыз қуысына қалай дұрыс күтім жасау керегін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біріншіден, адам тісін күніне екі рет жууы керек. Екіншіден, ол тіс жібін пайдалануы керек. Өкінішке қарай, көпшілік тіс жібін қолданбайды, олар оның орнына тіс тазартқыш таяқшаларды пайдаланғанды жөн көреді. Ал негізіде тіс жібі – ең қажетті зат", - дейді стоматолог.
Тісті қарапайым тіс пастасымен жуғаннан соң тіс жібін пайдалану керек. Ол арнайы техниканы қажет етпейді. Сондай-ақ ауызды шаятын құрал қолданған жөн.
Стоматолог сізге тіс пастасымен щетканы дәрігер таңдап бергені дұрыс екенін айтты. Сондай-ақ жылына бір немесе екі рет стоматологқа барып, кәсіби тазарту процедурасын жасату керек.
Тіс тазалау кезінде мына қателіктерден аулақ болыңыз:
- Қылшағы қатты тіс щеткасын қолданбаңыз;
- Тісті қатты жумаңыз;
- Тісті аз уақыт тазаламаңыз;
- Тілді жууды ұмытпаңыз;
- Тістің ішкі жағын ұмытпаңыз;
- Тіс щеткасын лас жерге қоймаңыз;
- Ескі тіс щеткасын қолданбаңыз.
Оқи отырыңыз: Балаға тіс тазалауды әдетке айналдыруды қалай үйрету керек?
А. Жапатова