Нью-Йорктегі Christie's аукционында Apple компаниясының алғашқы компьютері сатылды.
Лоттың құны 355 мың долларға бағаланды. Бірақ бұл аталған компанияның алғашқы компьютерлеріне ұсынылған ең жоғары баға емес. 2014 жылы осы модельдің өзгесі 905 мың долларға сатылған еді.
Apple-1 компьютерін компанияның негізін қалаушы Стив Джобс пен Стив Возняк 1976 жылы құрастырған екен. Ол кезде компьютер бағасы $ 666,66 болған. Бұл ерекше цифрларды ұнататын Возняктың қойған құны деген аңыз да бар.
Өнертапқыштардың идеясы бойынша қолданушы құрылғыға экран, пернетақта және корпусты өзі жалғауы керек болған.
Жалпы, аталған модельдің 200 данасы шыққан, солардың 63-і ғана осы күнге жетсе, тек 6-ы ғана жұмыс істеп тұр.