24 наурызда Стив Джобс жайлы тағы да бір жаңа кітап жарыққа шығады. Кітаптың авторы Стив Джобстан бірнеше рет сұхбат алған және де өз кезегінде оның жақын адамына айналған журналист - Брент Шлендер. Сонымен қатар кітаптың қосалқы авторы – Fast Company баспасының редакторы Рик Тетзели.
Кітаптың аты «Becoming Steve Jobs» деп аталады, бұл кітап Стив Джобс жайлы жалған стереотиптер мен қалыптасқан пікірлерді жойып, Стивтің қарапайым, өте ерекше адам екендігін көрсетуді мақсат тұтқан.
Кітапта жастық шағы кескілескен оқиғаларға толы Стив Джобстың көшбасшыға айналуы мен Apple-ді жетістікке жеткізуі жайында сөз қозғалады. Шлендер мен Тетзели персонажды жақынырақ тану үшін Стив Джобстың туыстары мен араласқан ортасынан, достары мен таныстарынан сұхбат алған.
Бұл кітапқа Amazon.com порталында алдын-ала $21.78 долларға тапсырыс бере аласыз. Ал электронды нұсқасы iBooks порталында 24 наурыздан кейін пайда болмақ, оның құны – $14.99. Әрине, екі нұсқа да тек ағылшын тілінде ғана.
Cурет: amazon.com
Оқи отырыңыз
MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болды
MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды
MWC 2015. HTC One M9 смартфонын екі аптадан кейін сатып алуға болады
MWC 2015. Huawei өзінің кезекті смарт-сағатын жарыққа шығарды