- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Стикер үшін 800...
"Стикер үшін 800 мың теңге". Өскемен әкімдігі ерекше хабарландыру жариялады
Желіде Өскемен әкімдігінің әлеуметтік желіде арнайы стикерлерді әзірлеу үшін 800 мың төлеуге дайын екені туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Telegram-арналардың бірінде жарияланды. Желі қолданушылары бұл хабарландыруды қызу талқыға салды.
Мемлекеттік сатып алу порталында "Әлеуметтік желілерге арналған патриоттық стикерлерді әзірлеу және дайындау жөніндегі қызметтер" 8 желтоқсанда жарияланған. Өтінімдер 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Ал қызмет үшін мемлекеттік бюджеттен 821 428.57 теңге бөлінген.
Лот құжатында тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес, WhatsАpp, Telegram мессенджерлері және Instagram, TikTok әлеуметтік желілеріне кемінде 400 дана патриоттық стикерлердің дизайнын әзірлеп, дайындауы керек.
Бұдан басқа стикер әзірлеушілер мынадай талаптарды орындау керек:
- кемінде 50 мың оқырманы бар үш ақпараттық пабликте мемдерді жариялануы керек;
- Өскеменнің ақпараттық пабликтерінде жариялау үшін өлшемі кемінде 1920х1920 пиксель болатын стикерлер (мемдер) пішімі әзірлену керек;
- WhatsАpp, Telegram мессенджерлері және Instagram, TikTok әлеуметтік желілеріндегі топтық чаттарға жіберілу, кемінде 100 000 адам қамтылу керек;
- Жастар, спортшылар мен Өскеменнің танымал тұлғалары арасында стикер кейіпкерлері ретінде 40 адамнан кем емес қоғамдық пікір көшбасшыларын қызықтыру керек.
- Кәсіби фотографпен фотостудияда стикер кейіпкерлерінің фотосессиясын ұйымдастыру керек.
Редакция Өскемен әкімдігіне хабарландыруға қатысты сауалхат жолдады. Өскемен әкімдігі бұл жағдайға қатысты әзірше пікір білдірмеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек