- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Степногорсктегі ЖЭО-да апат...
Степногорсктегі ЖЭО-да апат болды: тұрғындар жылусыз қалған
Степногорсктегі ЖЭО-да апат болып, тұрғындар жылусыз қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Энергетика министрлігі бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"KEGOC" АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтты. Министрлік мәліметінше, жылу электр орталығында технологиялық бұзушылықтар жоқ.
Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары басталып кетті.
Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етудің бұзылуын болдырмау үшін желілік судың айналымы ұйымдастырылған.
Бұл факті бойынша Энергетика министрлігінің Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексеру жүргізуді бастады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина