Степногорскіде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері топ мүшелері үнемі жергілікті тұрғындарға, оның ішінде жастарға дене жарақатын салып, қорқытып, ақша талап еткенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер жәбірленушілерді кездейсоқ тапқан, олар негізінен жергілікті бизнес қызметкерлері, жүктасушылар немесе дүкен сатушылары болды. Жәбірленушілердің бірі - 24 жастағы қала тұрғыны. Күдіктілер одан 80 мың теңге бопсалаған.
Үш жәбірленуші анықталды. Полицейлердің айтуынша, бопсалаушылар жастарды ақшалай несие, шағын несие алуға мәжбүрлеген, сонымен қатар телефондарын алып қойған.
Бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шеңберінде күдікті адамдардың басқа деректерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес