- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Степногорскіде ер адам...
Степногорскіде ер адам көршілерінің көзінше итті 5-қабаттан лақтырып жіберген
Степногорскіде ер адам көршілерінің көзінше итті 5-қабаттан лақтырып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала тұрғыны Instagram желісіндегі step_notsleep парақшасында жануарларға қатыгездік көрсеткендердің видеосын жариялады.
"Жануар адаммен тең емес. Бірақ адам да жануарға айналмауы керек. Мас адам 5-қабаттан итті лақтырып жіберді. Куәгерлер бар. Арыз қабылданды. Қорқақ үйден шықпады. Итті жақын маңдағы қараусыз қалған жердің артына көміп тастады. Олар қан іздерін жасыруға тырысты", - деп жазды әйел.
"Голос народа" порталының мәліметінше, Ақмола облысының полиция департаменті өкілдері қала тұрғынының жазбасына қатысты пікір білдірді.
"Жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полицейлер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек