- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Степногорскіде бухгалтер 40...
Степногорскіде бухгалтер 40 миллион теңге жымқырған
Фото:
depositphotos.com
Степногорскіде бухгалтер 40 миллион теңге жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұны Степногорск қаласының прокуратурасы анықтаған. Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады.
Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған.
Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР ҚК190-бабы бойынша сотқа жолданды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина