- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Степногорскіде аса ірі...
Степногорскіде аса ірі көлемде заңсыз арақ-шарап шығарған цех анықталды
Степногорскіде аса ірі көлемде заңсыз алкоголь өнімдерін шығарып келген жасырын цех анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Цехта жалған есептік-бақылау маркаларын қолданыла отырып, заңсыз алкоголь шығарылған. Өнімдер Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысында тұтынушыларға сатылмақ болған.
Құқық қорғаушылар жүргізген тексеріс барысында Көкшетау, Щучинск, Ақкөл және Степногорск қалаларынан арақ әзірлеуге арналған ыдыстар, дайын алкоголь өнімдері, 3500 литр көлеміндегі спирт пен 40 мың дана жалған есептік-бақылау маркалары табылған. Оған қоса қылмыстық жолмен алынған қаражат пен 3 автокөлік тәркіленген.
Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жарияланбайтынын мәлімдеді.
Абзал Алпысбайұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz