Степногорск қаласының тұрғыны өзінің атына несие рәсімделіп кеткенін байқаған. Күдікті - туысы болып шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысының тұрғыны туысының банк қосымшасына қол жеткізіп, оның атына 6 млн 385 мың теңге сомасында онлайн-несие ресімделгенін анықтады. Жәбірленушінің қарызы туралы оның ұлы хабарлады, оған коллекторлар қоңырау шалған.
31 шілдеде жәбірленуші Степногорск қаласының полиция басқармасына өтінішпен жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленушіге несиені күйеу баласы ресімдегенін анықтады. Өтініш беруші ер адамның сұрауы бойынша өзінің банктік қосымшасына еркін қол жеткізгені анықталды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ақмола облысының полициясы алаяқтықтан сақ болуға шақырады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!