- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Степногорск тұрғыны бұрынғы...
Степногорск тұрғыны бұрынғы әйелін ұрғаны үшін жазаланды
Степногорск соты бұрынғы әйеліне қол көтерген ер адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғындарының қатысуымен өткен процесс жұма күні өткен.
Азамат К., осы жылы маусым айында сөзге келіп қалғаннан кейін әйелдің басының маңдай бөлігінен соққан.
Сот барысында ер адам өз кінәсін толық мойындады.
"Сот үкімімен К. ҚК-нің 108-1-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Ол күніне кемінде төрт сағат жұмыс істеуі керек екені атап өтілген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан