Степногорск тұрғындары Тоқаевқа қаладағы экология мәселесін айтты

Президент Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Степногорскідегі 6-шағынауданның ауласын аралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев үй маңындағы аумақта жасалған жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Жергілікті ЖЭО мен жылу желілерінің жағдайы – Степногорск тұрғындарын алаңдататын маңызды мәселелердің бірі.  

"Осы кәсіпорындағы жағдаймен танысқаннан кейін бұл мәселелерді мұқият саралауға шешім қабылдадым. Үкіметке әкімдікпен және кәсіпорын иелерімен бірлесе отырып, іс-әрекет алгоритмін әзірлеуге, шешімдер қабылдауға тапсырма бердім", – деді Мемлекет басшысы.

Қала тұрғындары экология мәселесін де көтерді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Степногорскіде ПХД қалдықтарын сақтауға байланысты жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығына қатысты өз пікірін айтты.

"Мен бұл мәселеден хабардармын. Маған утилизация бойынша шағын кәсіпорын салу жөнінде шешім бар екенін баяндады. Мұндай шешімді қолдаймын", – деді Президент.

Ақорданың хабарына қарағанда, "Бестөбе" кенішіне қатысты жағдай да назардан тыс қалмады. Бұл мәселе Президенттің бақылауында, жергілікті органдарға аталған проблеманы шешу жөнінде тиісті тапсырма берілді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!