Степногорск қаласында 5 жасар бала терезеден құлап қаза тапты

Ақмола облысында 5 жасар бала терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 13 сәуірде Степногорск қаласында болған. Алдын ала ақпарат бойынша 2020 жылы туған бала көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан құлаған.

"Ауыр жарақат алған бала шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері соталды тергеу жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталады, қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкерлері күн жылынғанда мұндай жазатайым оқиға көбейетінін ескертті. Биыл Ақмола облысында балалар терезеден құлаған 5 дерек тіркелген, бірі бала өлімімен аяқталған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!