Степногорск қаласы қоқысқа батып жатыр

Степногорск қаласы қоқысқа батып жатыр

Қала тұрғындары шаһардағы қоқыстың уақытында төгілмеуінің салдарынан қала іші түгелдей қоқысқа толып кеткенін айтып шырылдап отыр. Дегенмен әкімдік мәселені жылдағыдай алдағы жалпықалалық сенбіліктің көмегімен шешпек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Қала тұрғындары қоқыс мәселесін әлеуметтік желілерде де тікелей қала әкімдігіне де арыз-шағымдарын білдіргенімен еш нәтиже болмаған. Тіпті, қала көшелері ірі қоқыс үйінділеріне айналып қоқыс басып кеткен.

"Міне мейрам күндері де аяқталып, жұмыс күндері басталды. Біз қоқысқа батып жатырмыз. Ешқандай мәселені шешу тетігі болмағаны қалай? Мектептің маңайын қоршалған. Ал оның бойы қоқысқа батқан. Балаларымыздың бұл қоқысты тазалағанын қаламаймыз. Өсіп келе жатқан ұрпаққа қандай тәрбие бермекпіз", - дейді қала тұрғындарының бірі.

 

Тұрғындар қоқыстың уақытында төгілмеуінің салдарынан былтырғы жылғы қоқыс әлі аулалардан тазартылмай тұрғанын айтады.

"4 10, 4 9 үйлердің ауласында былтырғы жылғы қоқыс әлі жатыр. Тұрғындарға да қоқыс төгуге жауапкершілік жүктелген кәсіпорынға да ұят қой. Әкімшілік көз алдындағы қоқысты тазартқысы келмейді. Ал қаланың шеткі аудандары туралы не айтуға болады. Жақында қала түгелдей қоқыс алаңына айналады", - дейді Галина есімді қала тұрғыны.

 

Ал қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мәселені тек жалпы қалалық сенбілік арқылы шешпек.

"Қалада қар ерігеннен кейін қалада, кенттер мен ауылдарда жыл сайынғы сенбіліктер өткізілетін болады", - дейді Степногор қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!