Степногор қаласында магистральді су құбырында болған ірі апаттың салдарынан төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Қазіргі уақытта жүздеген адамның мүлде сусыз қалуына байланысты үлкен қоғамдық әлеуметтік резонанс туындаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Степногорск қалалық әкімдігінің мәліметінше су құбырының магистральді торабының 90 пайыздан астамының тозығы жеткен. Құбырдағы жиі жарылыстардың салдарынан магистральді құбырдағы қысым төмендеп салдарынан 4-шағынаудандағы №85, 86, 87 көпқабатты тұрғын үйлер мүлде сусыз қалған.
"26 шілде күні "Сопка-305" магистральді су құбырында үшінші және бесінші шақырымында апатты жағдай орын алды. Апатты жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігінен құбырдағы қысым төмендеп 4 шағынаудандағы 3 қабатты тұрғын үйлердің 398 абонентін сумен жабдықтауға шектеу қойылды. Қазіргі уақытта бұл өткір әлеуметтік шиеленіс тудырып тұр. Қала әкімдігі апатты жағдайды жою үшін құрамында 12 адам мен 5 техникасы бар екі апаттық бригада құрылып, су тасымалдау ұйымдастырылуда. Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын тамыздың бесіне дейін аяқтау жоспарланған", - дейді Степногорск қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қала әкімдігі қазіргі уақытта апаттың салдарын жойғанға дейін тұрғындарға су тасымалданып, сонымен қатар көршілес орналасқан тұрғын үйлердің жертөлелерінен ауызсудың уақытша көзі ұсынылатынын жеткізді.
Қала әкімдігімен министрдің 2023 жылдың 10 мамырындағы 240 бұйрығының 2 тармағы, 2 тармақшасына сәйкес төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытта Степногорск қаласы әкімінің "жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің жобасы "Ашық НҚА" порталында талқыға түскен. Төтенше жағдай жариялау әлі заңды күшіне енгізілмеген.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!