Азия атқыштар конфедерациясы (ASC) жаңартылған рейтингін ұсынды. Стенд атудан екі бірдей қазақстандық спортшы бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Эдуард Ещенко "скит" жаттығуында 1 629 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап тұр. Әйелдер арасында осы дисциплинада Әсем Орынбай 1 722 ұпаймен азиялық рейтингтің бірінші сатысына шықты. Сонымен қатар Зоя Кравченко 1 130 ұпаймен жетінші орында.
"Трап" жаттығуында Мария Дмитриенко 1 200 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!