![Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті](/userdata/news/news_124437/image_l.jpg)
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.
БӨЛІСУ
![](/img/msport/icons/single_page/social-oth.svg)
Қазақстан футбол федерациясы таратқан ақпарат бойынша еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен ғана тең ойнап, 1 ұпай жинады. Жаттықтырушы тұсында команда бірде-бір гол соқпады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.