Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігіне байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері - халықтың отты абайламай қолдануы және найзағай разрядтары.
- "Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады.
- От жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті.
- Табиғатқа шыққан кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Табиғаттың тағдыры сіздің қолыңызда!" - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!